"Жануарлар қалай дыбыстайды"

Тобы: Кіші «Еркетай» тобы
Өтілу күні:11.11.2025
Тәрбиеші:Кахарова У.Б.
Ұйымдастырылған ашық іс әрекет: Тақырыбы: « Жануарлар қалай дыбыстайды»
Мақсаты: Үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың дыбыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы "Жануарлар қалай дыбыстайды?" сұрағына жауап беруге үйрету. Балалардың төрт түлік туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын дамыту
Көрнекіліктер:
Жануарлар суреті,қоршау мал тұрағы,жем,шөп,жануарлар түбіті. т,б
Дидактикалық құралдар,құрт ,ірімшік,қымыз,шуат.
Сценарий барысы
Тәрбиеші:
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бүгін бізде ерекше күн – Жануарлар қалай дыбыстайды деген ойын барысын көрсететін боламыз.
(Балалар шеңберге тұрып жануарлар қимылдарын жасайды)
Тәрбиеші:
– Балалар, қараңдаршы, біз не көріп тұрмыз.
– Әрине жануарларды көріп тұрмыз.
– Қандай жануарларды білесіндер?
Балалар:
– Жылқы, сиыр,түйе,қой
Тәрбиеші:
Түйе: Үй жануарларының ішіндегі ең ірісі сүт қоректі жануар. Түйе шөппен қоректенеді. Адамдарға жүн, ет, сүт береді. Сүтінен: ең пайдалы дәрілік қуаты бар шұбат жасайды. Түйе жүнінен көрпе жасаймыз. Ерте кезде адамдар көшіп, қону үшін көлік ретінде пайдаланған.
Сиыр: Үй жануарларының ішіндегі ірі аша тұяқты жануар. Сиыр сүт қоректі жануар, шөппен қоректенеді.. Оның терісінен тон киеміз. Адамдарға ет, сүт береді сиыр сүтінен: айран, сүт, ірімшік, кұрт, май, қатық жасайды.
Жылқы: Үй жануарларының ішіндегі ірі сүт қоректі жануар, шөппен қоректенеді. Жылқыны адамдар көлік қылып мінеді. Адамдарға ет, сүт береді жылқының сүтінен адам денсаулығына өте пайдалы сусын қымыз жасайды.
Қой: Төрт түлік малдың ішіндегі сүт қоректі, момын жануар. Шөппен қоректенеді. Адамдарға ет, сүт, жүн береді. Түйе жүнінен қалың киім тоқиды, киіз басады, байпақ жасайды.
Үй жануарларының барлығы адамдар, яғни, біз үшін өте пайдалы. Олар адамдардың бағып - қағуымен, асырауымен тіршілік етеді. Адамдар оларға жем, су, шөп береді.
- Үй жануарларының балалары болады. Біз оларды төлдері деп атаймыз.
Қой – қозы
Сиыр - бұзау
Жылқы – құлын
Түйе – бота
Сергіту сәті:
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
- Балалар, үй жануарларының әрқайсысының өздерінің дыбыстары бар. Сендерге таныс дауыстар шығар. Тақтаға қарайық.
Балаларға үй жануарларының дыбыстарын жасырып, тыңдату.
Сиыр - мөңірейді
Түйе – боздайды
Жылқы - кісінейді
Қой - маңырайды
Дидактикалық ойын:
« Қойды киіндірейік »
Шарты: сурет бойынша жүнді жапсыру арқылы қойды киіндіреді.
Тәрбиеші харайсыңдар балалар енді қойымыз қыста аязда тоңбай жүретін болады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Үй жануарлары туралы
Қандай түсініктерді меңгерді: Үй жануарларының адамға пайдасын түсінеді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Оларды төлдерімен ажыратып, атай біледі.
