«Өрттен сақ болайық!» » «Ақжол» бөбекжай –балабақшасы»
«Ақжол» бөбекжай–балабақшасы»
«Mini Land»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:210840024049
Қабылдау бөлімі:
+7(777) 251-65-45
"Әдіскер:
+7(775) 233-26-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
маусым
2026

«Өрттен сақ болайық!»


Тобы:Жұлдыз

Өтілу күні:01.12.2025

Тәрбиеші:Жеңіс А.Е

Тақырыбы: «Өрттен сақ болайық!»

Мақсаты: Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық–техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері  «Өрт сөндірушілер» муыкалық ойыны тосенішпен.

«Өрттің шығу себептері»

Өрттің шығу себептері туралы не білеміз? Сұрақ –жауап әдісін қолдансақ бірге.

1. Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;

2. Шырпымен ойнаса;

3. Үтікті қосып кетіп қалса;

4. Газды ашық қалдырып кетсе;

*Ильясты кргізу сіріңке қылып.Сіріңке күнделікті өмірде қажет. Сіріңке арқылы майшамды, газды т. б. нәрселерді тұтату үшін іске асырады. Сіріңкені үлкендердің рұқсатынсыз алмау керек. Себебі, өрт - тілсіз жау. Сіріңкенің  адам өмірінде пайдасымен бірге зияны да болады.

*Ас үйге сән беретін газ плитасы. Көгілдір от тұрмыс - тіршілігімізді көп орын атқарады.Десек те, оны ұқыпты ұстап, жаға білуіміз керек. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалса ата - анаңа айтып ескерт. Өйткені ата - анаң газ бөлімшесінің арнаулы мамандарын шақыртады. Газ плитасы тұрған бөлмені жиі - жиі желдету керек. Егер газдың күлімсіген иесін сезсең сіріңке жағуға, электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды. Тек үйдің есік - терезелерін ашып, желдету керек.

*Дамели кіргізу розетка қылып. Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – Электр. Электр - жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы мүмкін.

Қимылды ойын: «От пен су»

Шарты: Балалар жұп болып ойнайды.2 топ болады.Отты өшіретін су екенін біледі.Әр шелекте жазылып тұрған сандарға байланысты ,отта бейнеленген сандарды шелекпен сәйкестендіріп шелектің астына іледі.

Тәрбиеші:  Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен  ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».

Викториналық сұрақтар мен жауаптар Асылхан мен Азаматқызы Аяна

1. Өрт шыққанда қандай нөмірге қоңырау шалу керек?

Жауабы: 101

2. Өрт сөндірушілер қандай көлікпен келеді?

Жауабы: Өрт сөндіру машинасымен (қызыл машина)

3. Өрт сөндірушілердің басында қандай бас киім болады?

Жауабы: Қорғаныс каска

4. Өрт сөндірушілер не істейді?

Жауабы: Өртті сөндіреді, адамдарды құтқарады

5. Өрт сөндіретін құрал қалай аталады?

Жауабы: Өрт сөндіргіш

6. Өрт сөндірушілердің арнайы киімі қандай?

Жауабы: Қалың, жанбайтын, қорғаныс киім

7. Сіріңке мен отты кім ұстамауы керек?

Жауабы: Балалар

8. Өртті көрсең не істеу керек?

Жауабы: Үлкендерге айту, 101-ге хабарлау, қауіпсіз жерге шығу

9. Үйде не нәрсені өшіруді ұмытпау керек?

Жауабы: Пешті, плитаны, электр құралдарын

10. Өрт сөндірушілер неге батыр деп аталады?

Жауабы: Олар адамдарды құтқару үшін қауіпті жағдайға барады

11. Өрт сөндіруші машинаның жарығы қандай түсті жанып-сөнеді?

Жауабы: Көк және қызыл

12. Өрт сөндіруші ағашқа шығып қалған мысықты құтқара ала ма?

Жауабы: Иә, құтқара алады

13. От қандай жерде болмауы керек?

Жауабы: Үйде, орманда, балалар ойнайтын жерде

Тәрбиеші: Біздің топқа біреу сіріңке тастап кетіпті… Түтін шығып.. Өрт бола жаздады! Көмектесіңдерші!Тергеу жұмыстарын жүргізбесек болмайды балалар.Мынау тұрған іздер сіріңкені тастап от жағып кетейін деген адамның іздері сияқты.Әр ізді мұқият бақылауымыз керек.

Залдың әр жеріне 8 “із” қойылады.Тергеу басталады: «Іздер жинау»

1 із-Дидактикалық ойын  «Не артық»

2 із- Дидактикалық ойын  «Көлеңкесін тап»

3 із- «Боямақтар»

4 із- «Өрт сөндірушілер лотореясы»

5 із- Дидактикалық ойын Бұл кім?пазл құру

6 із- Қол моторикасына «Кім жылдам?»ойыны

7 із-  Математикалық ойын «Логикасы мықты өрт сөндіруші»

8 із- Тыныс алу жаттығуы

Тәрбиеші:Біздің тобымызға  кім сіріңке тастап кетуі мүмкін?

Залдан 3 түрлі персонаж шығады (роль ойнайтын ересектер немесе балалар):

1. Ұқыпсыз Адам (ойыншық тастайды)

2. Кездейсоқ Жолаушы

3. Үлкен Апай (қалтыраған шамымен жүр)

Балалар кімнің қауіпті іс жасағанын анықтайды.

Жауап: «Ұқыпсыз Адам».

Сергіту сәті:Өрт пен түтін айнала

                      Қарап тұрма жай ғана

                      Тез хабар бер 101-ге

                     Уақытты сен байлама

Инкар:От жақпа күйерсің

             Өртеніп жүрерсің

             Сіріңкені ұстасаң

             Бәлеге сен түсерсің

Дидактикалық ойын: «Өрт сөндірушіге не қажет?»  

Шарты:2 бала жылдамдыққа өрт сөндірушіге не қажет екенін табады.

Тәжірибе :Өртті сөндіру   

Мақсаты:Балаларға өртті тек сумен ғана емес құмменде сөндіруге болатынын дәлелдеу   

Дидактикалық ойын: «Батыл құтқарушы»  

Шарты:Лапылдап тұрған отты су шашқыш құралмен жылдамдыққа  өшіру.

«Су шашамыз – өрт өшеді!»

Ғажайып сәт. Қонақ келуі (рольдік ойын)

*Есікті қағып Қайрат Алихан  «Өрт сөндіруші» келеді.

Өрт сөндіруші сөзі аудио:

– Сәлем, балалар! Мен — өрт сөндірушімін. Бүгін сендерге өрттен қалай сақтану керегін айтып келдім.

1. Сіріңке, оттықты ұстамаймыз.

2. Розеткаларға қол тигізбейміз.

3. Перде, қағаз жаққа шам әкелмейміз.

4. Өрт көрсеңдер – үлкендерді шақырамыз.

5. 101 немесе 112 нөміріне хабарлау керек.

Балалармен бірге қайталау:

«101 – өртке! 112 – барлық жағдайға!»

Практикалық тапсырмалар балалармен

1-Сурет құлақ тазалағыш пен вилка

2-Жапсыру отты

3-Сәйкестендір 

4-Бояу қарандашпен

5. Практикалық ойын: «Өрт дабылы!»

Музыка қосылады

Тәрбиеші:Балалар, бөлмеде түтін шықты деп елестетеміз. Қалай жүреміз?

Балалар:Төмен иіліп, ауызды жабу!

Балалар төмен еңкейіп жүреді, тәрбиеші «қауіпсіз аймаққа» бағыттайды.

Балалар кедергілерден өтіп отырып мүсіндеуге берілген тапсырманы орындайды.

Қорытынды әңгіме

Тәрбиеші:– Балалар, отпен ойнауға бола ма?

                 – Өрт шықса қай нөмірге хабар береміз?

                  – Қандай ережелерді білдік?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Тәрбиеші:Мен бүгін сендерді батыл өрт сөндіруші болғандарың үшін  марапаттағым келіп отыр.Мараппатталады.

-Жарайсыңдар, балалар! Бүгін біз өрт қауіпсіздігін үйрендік. Әрқашан абай болайық!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив