«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» » «Ақжол» бөбекжай –балабақшасы»
«Ақжол» бөбекжай–балабақшасы»
«Mini Land»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:210840024049
Қабылдау бөлімі:
+7(777) 251-65-45
"Әдіскер:
+7(775) 233-26-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
23
маусым
2026

«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»


Тобы:Жұлдыз

Өтілу күні:05.10.2025

Тәрбиеші:Жеңіс А.Е

Тақырыбы: Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Мақсаты:Балалардың ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып танымдық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
 Көрнекілігі: слайд көрсетіледі. Еліміздің рәміздері. Үш би.
 Әдіс - тәсілдер: Аралас, түсіндіру, сұрақ - жауап, қорытынды.
 
 Тәрбиеші: Балалар бүгін ерекше күн екен. Біздің іс - әрекетімізге көптеген қонақтар келіпті. Олай болса алдымен амандасып алайық.
 Арайлап таң атты
 Алтын шуақ таратты
 Қайырлы таң балалар
 Қайырлы таң апайлар
 Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату - тәтті доспыз, Кәне бір - бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.
 Балалар: Күніміз жарық болсын
 Аспанымыз ашық болсын
 Деніміз сау болсын
 Еліміз тыныш болсын
 Досымыз көп болсын
 Балабақшамыз жайнай берсін
 Нанымыз көп болсын
 Тәрбиеші: Иә, балалар осындай жақсы көңіл - күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
 Балалар, бір аптада неше күн бар?
 Балалар: Жеті күн бар
 Тәрбиеші: Аттарын атап айтайықшы?
 
Балалар: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
 Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?
 Балалар: Күз мезгілі.
 Тәрбиеші: Күз мезгілі неше айдан тұрады?
 Балалар: Үш айдан
 Тәрбиеші: Аттарын атап айтайықшы?
 Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша
 Күз мезгілінің ерекшеліктері күн суытады, адамдар жылы киіне бастайды, ағаштар жапырағы сарғаяды жерге түсе бастайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
 Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.
 Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған іс - әрекет: Тіл дамыту.
 Тақырыбымыз: Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.
 
 Ғажайып сәт: Есік қағылады. Балалар бізге шет мемлекеттен қонақ келді. Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.
 
 Қонақ: Сәлеметсіздер ме, балалар. Балалар бұл қай мемлекет!
 Балалар: Қазақстан Республикасы.
 Қонақ: Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?
 Балалар: Астана қаласы
 Қонақ: Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білем деп отырмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
 Балалар: Иә, көмектесеміз.
 
 Қонақ: ҚР елбасы кім?
 Балалар: Біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев
 Қонақ: Сіздердің ұлттарыңыз кім?
 Балалар: Біздің ұлтымыз қазақ.
 Қонақ: Сіздер қай тілде сөйлейсіңдер?
 Балалар: Біз қазақ тілінде сөйлейміз.
 Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Біздің мемлекеттік тіліміз қазақ тілі. Біз бәріміз бір - бірімізбен қазақша сөйлесеміз. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 1998ж 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні мерекесі болып аталып келеді. Біздің Республикамызда 120 - дан астам әр ұлтың ұл - қыздары тату - тәтті ынтымақтастықпен жемісті еңбек етеді.
 Тәрбиеші: Кәне, балалар біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.
 Балалар: Ән ұран орындайды.
 Тәрбиеші: Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?
 
 

Аяна: Ана тілің біліп қой
 Еркіндігің теңдігін
 Ана тілің біліп қой
 Мақтанышым елімнің
 
 
 

Медина: Сүйесің өз тіліңді
 Боласың білімді
 Өз кілтіңді үйретер
 Өнерді де, ғылымды
 Ардақта тіліңді
 
 Инкар: Жанымнан қымбат
 Ана тілім маған
 Ана сөзден тыңдап
 Үлгі өнеге алам
 
 Мариям:Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
 Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім
 Қастерлейді ұл - қызын мәңгң сені
 Болашағым, бақытым, дара тілім.
 
 Дулат: Ана тілім елдігім
 Ана тілім ерлігім
 Тілді биік құрметтеп
 Тойлап жатыр ел бүгін

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив