«1 қыркүйек - Білім күні!» » «Ақжол» бөбекжай –балабақшасы»
«Ақжол» бөбекжай–балабақшасы»
«Mini Land»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:210840024049
Қабылдау бөлімі:
+7(777) 251-65-45
"Әдіскер:
+7(775) 233-26-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
маусым
2026

«1 қыркүйек - Білім күні!»


Тобы:Еркетай,Ромашка,Жұлдыз,Солнышко

Өтті:Тәрбиешілер

Шығармашылық іс-әрекет

Тақырыбы: «1 қыркүйек - Білім күні!»

Мақсаты: Бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән - мағынасын ұғындыру; Сахналық мәдениетін қалыптастыру;Мерекелік көңіл - күй сыйлау.
 Би:«Көңілді балалар
 Ән «Күмбірле, қоңырау»
 Ортаға тәрбиеші мен кіші топтың бүлдіршіні шығады.
 Бала: Балабақша есігін
 Үшке тола ашқанбыз.
 Балапандай мәпелеп,
 Өсірді бізді бақшамыз.
 Бұл - екінші үйіміз,
 Бір туғанбыз бәріміз.
 Біз осы үйдің сәніміз,
 Біз осы үйдің гүліміз.
 Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар, барша қонақтар!
 Бүгін - 1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!
 Тәрбиеші: Биіктерге бастайтын асқаралы
 Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
 Мерекеде бәріміз бір дауыспен
 Шырқайық бақшамыздың әнұранын!
 Балабақша әнұраны
 Тәрбиеші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау құрметі «Ақбота» шағын орталығының әдіскеріне ұсынылады.
 Құттықтау сөз
 Тәрбиеші: Білім бастауы - балабақшада. Ендеше бүгінгі мерекеде тағы бір әнімізді балабақшамызға арнайық!
 Ән «Бақытты баламыз»
 Жеке ән «Мен әдепті баламын»
 Тәрбиеші: Енді біздің балалардың білім алудың маңызына байланысты айтарларын тыңдап көріңіздер..
 Эльназ:Білім керек бәріне!
 Ф. Оңғарсынова
 Корабльді басқарып
 Көк жүзіне самғасам
 Тауды бұзып, тас жарып
 
 Самира:Мұхиттарды жалғасам
 Таңдандырар бар елді
 Ғажап үйлер сала алсам
 Жасартатын әжемді
 Дәрі де ойлап таба алсам....
 Сырлары көп ғылымның
 Шешілмеген әлі де
 Тереңдігі білімнің
 Керек екен бәріне!
 
 Адина:Білім
 М. Ибраемова
 Білім - менің ертеңім
 Өсу үшін өркенім
 Жүзем оқу - айдында
 Жайып білім желкенін
 Қиындықтан өтуге
 Армандарға жетуге
 Білім алам ерінбей
 Еліме қызмет етуге!
 Ән «Тәй - тәй»
 Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Өнерлерің өрге жүзсін! Бүлдіршіндеріміздің өнер,
 білім үйреткен, сүйікті балабақшаға арнаған кезекті бір
 әніне кезек берейік.
 Ән «Балабақшам - бақұям»
 Тәрбиеші:
Жаңа оқу жылын қоңыраудың сыңғырымен бастау - жылдар бойы жалғасын тауып келе жатқан қалыптасқан дәстүр. Ендеше биылғы 2023 - 2024 оқу жылының қоңырауын қағуды кішкентай бүлдіршініміз............... ұсынамыз!
 Алғашқы қоңырау соғу салтанаты
 Тәрбиеші: Шырылдаған тыным алмай
 Қоңыраудың үні қандай!
 Мақсатына жете ме адам
 Оқу оқып, білім алмай?!
 
 Ғылымның көп тас қамалы
 Ғалымдық та асқаралы
 Бар білімнің нұр бастауы -
 Балабақшадан басталады!
 Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен тамам. Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! 
Баршаңызды балабақшамыздың білім бағына шақырамыз!
 Ән «Күмбірле қоңырау»



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив