« Біз ананың гүліміз! »

Тобы: Ересек тобы « Солнышко»
Өтілу күні:07.03.2024
Тәрбиеші:Курманова Гульмира
Шығармашылық іс-әркет
Бөлім:Музыка
Тақырыбы: « Біз ананың гүліміз! »
Мақсаты: Балаларды 8 наурыз Халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарды ренжітпеуге, қол қанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Ертеңгілік барысы
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Ұл балалар залға гүлмен музыка әуенімен кіреді.
Алихан:Өмірге ана-бұлақ, ана-пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Ерназар:О, халайық, жараңдар,
Әжемді кім жамандар?
Ақ тістері маржандай,
Сенбесеңдер қараңдар.
Келбетіне көз салсаң,
Көктемнің нұрлы шуағындай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Өзі сұлу, ақылды.
Сүйкімді біздің әжетай
Сәлемді біздің қабыл ал.
Нұрбақыт:Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған.
Алтыным деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам.
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Түнде сергіп жатпаған,
Күндіз тыным таппаған.
Бізсіз тамақ татпаған,
Айналайын, ақ мамам.
Айбар:Әже дейміз, бәрімізде аңқылдап,
Әже дейді жас сәбиде жарқылдап.
Әже – деген бәйтерегі өмірдің,
Әже – деген алтын қазық, алтын бақ,
Немере үшін ең мейірімді жан әже,
Жалықпай ойнаған ол жасырынбақ.
Жүргізуші: Бір ғана емес, қадір тұтқан бабалар,
Аналардан не бір туған даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армызыздар, құрметті аналар!
Құрметті қонақтар, аяулы аналар, асыл әжелер, ару қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Би : «А я возьму у мамы бусы»
Ән :Жан анашым
Ойын: «Кір жуу»
Би: «Ұлдар»
Көрініс: «Мама я влюбилась в девочку одну»
«Аналарға сыйлық» биі
Жүргізуші:Мерекелеріңіз құтты болсын!
Дендеріңіз сау болсың!
Отбасы аман болсын!
Жүздеріңізден күлкі кетпесін!
Бүгінгі біздің ертеңгілік соңына жетті. Мереке құтты болсын! Сау болыңыздар!
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |



