«Нан дастарханға қалай келеді?»
Тобы:Жұлдыз
Тәрбиеші:Жеңіс А.Е
Кіріктірілген іс-әрекет
Бөлім:Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»
Міндеті: Балаларға нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Сөздік қорларын, ойлау қабілетін дамыту.Балаларға нанды қастерлеуге, үлкендердің еңбегін құрметтеуге , бағалай білуге тәрбиелеу.Ойын арқылы нанның қадір қасиетін ұғындыру.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар музыка ырғағымен тәрбиешімен амандасады.Іс-әркетке дайын екендерін білдіреді.Күй күмбірі арқылы.
Шаттық шеңбері:
Үлкенгеде сіз,
Кішіге де сіз
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз.
-Нан қоқымын шашпаймыз,
Жерде жатса баспаймыз,
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаймыз.
Тәрбиеші:Балалар біз бүгін не жайында әңгімелесеміз?
Балалар:нан
Көрнекілікпен жұмыс:Нан қайдан келеді деген сұраққа жауап алу.
Дидактикалық ойын:«Наубайшыға көмектес.»
Шарты:Наубайшы ұннан пісірген заттардың бетін шаң түспесін деп жауып қойған.Біз оны ашу үшін орамалдың бетіне су бүркуіміз керек.Қандай тағам екенін сендер айтып бересіңдер ашылған соң беті.
Дидактикалық ойын:«Тәтті тортты әсемдейміз»
Шарты:Тортты сәндейміз.Шыққан геометриялық фигураларды атап,түсін ажыратамыз.
Тәрбиеші:Нан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Инкар:Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса, баспандар,
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар!
Айзере:Нан болмаса уайымдап,
Үн қатады бар халық.
Нанмен бірге жанымыз,
Көгереді жанданып.
Математикалық ойын:Кім жылдам?
Шарты:Әр топтан 3 баланы шығарып.Наубайшының пісірген тәтті кексін асықтармен санап шығады.Қанша кекс сонша асық қояды.Бала сәйкестендіріп қойып шығады.
Суреттерге қарап мақал-мәтел құрастыру 4 бала шығады.
Қимыл қозғалыс ойыны:«Менің қарным ашты»
Шарты:Оюлы кілемше арқылы өтіп.Тізбектеліп тұрған тағамдар ішінен ұннан жасалған тағамды алып қарны ашып тұрған балақайға беру.Алған тағамның атын міндетті түрде айту керек.
Тәрбиеші:Бидайдан ұн,ұннан нан жасалатынын бәріміз білеміз.Бірақ бидай деген ұғымды апаларымыз аналарымыз естігенде қыздың шашын бидай өрім қылып өруге болатынада еске түседі. Қазақ қызы – бидай өңді, дөңгелек жүзді, қара көз, қара шаш, қыр мұрын, қалам қас, оймақ ауыз…деп үлкен кісілер айтып отыратын.Ендеше сол бидай өрімді өруге 2 қызды шақырайық.
Қол моторикасын дамытатын ойын:«Бидай өрім»
Шарты:Қыздың шашын бидай өрім қылып өру.
Сергіту сәті
Жайқалады ақ бидай,
Басын иіп аққудай.
Трактор мен комбайн
Жүргізуге мен дайын
Тәрбиеші: Ұн — дәнді дақылдарды ұнтақтау арқылы алынатын тағамдық өнім. Ол негізінен бидай, сондай-ақ жүгері, арпа, сұлы, бұршақ дәндерінен дайындалады. Ұн: нан, кондитерлік, кеспе өнімдерін, т.б. дайындау үшін пайдаланылады.
1-топ. дорбаларға қандай дәнді дақылдардан ұн жасалады соны дәстүрлі емес техинкамен жасайды.Ол үшін дайын макет, дәнді дақылдар ,сулы сүлгі пайдаланамыз.
2-топ.Макарон өнімінен бидай құрастырамыз.Ол үшін:жапырақты макарон,ПВА желімі,дайын үлгі қағазын,Сулы сүлгі пайдаланамыз.
3-топ Ұннан пицца пісіреміз.Керекті азық-түліктерді пайдаланамыз.
Қауіпсіздік ережесін қадағалаймыз!!
-Желімді аузымызға салмаймыз
-Дәнді дақылдарды жұтып қоймаймыз.
-Үшкір,өткір заттармен ойнамаймыз
-Бір бірімізге кедергі жасаймыз.
Дидактикалық ойын«Кім жылдам?»
Шарты:Әуе шарларында тұрған тапсырмаларға нақты жауап беру арқылы бүгінгі іс-әрекетті бекіту.
1.Нан қайда сатылады? дүкенде
2.Ұнды неден жасайды? Бидай
3.Егін егетін адамды қалай атаймыз? Егінші
4.Қазақ халқының ұлттық нанның бір түрі? бауырсақ
5.Егінді қандай көлік түрімен жинайды? комбайн
6.Ас атасы не? нан
7.Нан пісіретін адамды қалай атаймыз? наубайшы
8.Күзде егіншілер не жинайды? астық
9.Нанды қайда пісіреді? наубайханада
Дидактикалық ойын:«Бауырсақ»
Шарты:Кедергілер арқылы бауырсақты өткізіп,құрақ көрпеге барып отырады.
Тәрбиеші:Балалар бүгінгі іс-әрекетімізді іс-қимыл эмоция арқылы білдірсек қалай қарайсыңдар?
-Бүгінгі іс-әрекет ұнады ма сендерге?
Марапаттау балаларды.
Жүректен-жүрекке әдісі арқылы мен сендерді марапаттағым келіп тұр.Бір бір жүрекшеден сендерге беремін.



